Теңіздегі инфекциялық стационарда 28 адам ем қабылдауда

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 14 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Атырау облысында өткен тәулікте 14 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 3-еуі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен -10, Исатай ауданынан - 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған. Коронавирус жұқпасымен науқастанғандардың бәрінде ауру симптомсыз түрде өтіп жатыр. Өткен тәулікте үй жағдайында ем алып жатқан 2 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 107 адам үй жағдайында емделуде. Ал, №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 32 науқас, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 28 адам ем қабылдауда. Covid-19 пандемиясы басталғалы бері Атырау облысында 11 449 адамнан індет анықталған, оның 11 204-сі емделіп шықты.

Атырау облыстық денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз