Теңіздегі 58 жұмысшыдан ковид-19 анықталды

Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 806 адам оқшаулау бөлімінде жатыр.

«Соңғы мәліметке сәйкес, қазіргі уақытта 231 адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда 100 науқас, аудандардағы инфекциялық стационарларда 43 адам ем қабылдауда» , – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Ал Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында қауіпті дерт жұқтырған 806 адам оқшаулау бөлімінде жатыр. Атырау облысында өткен тәулікте 85 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.

Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 15-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 58 жұмысшыдан, Жылыой -4, Қызылқоға-3, Махамбет -2, Құрманғазы ауданында 3 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.

Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 19-ында ауру симптомды түрде өтуде.

Айта кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткішіне байланысты, Атырау облысы «сары аймақта» қалып отыр.

Атырау облыстық денсаулық сақтау

басқармасының баспасөз-қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521