Теңізде тазалық жұмыстарын жүргізді

Теңіз қалашығында 100-ден астам мекеме жұмыс жасаса, олардың ондағаны ғана өз аумақтарында абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына мән беріп, әртүрлі гүлдер отырғызып, жайнатып отыр.

Бұл жұмысшылардың жұмыстан кейінгі тынығуына өз септігін тигізетіні сөзсіз. Теңіз вахталық қалашығындағы аулаларын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын үлгі тұтарлық жүргізген «Ариадна» (А.Кайтуков), «Асқартау инженеринг» (П. Юн), «Карат» (Р. Бөлекова), «Саян» (Р. Макарович), «Юлмар-Сервис» (И.Сағындықов), «Сичим» (А. Құлбаева), «Сенімді құрылыс» (Дж. Жаулаз), «Теңізқұрылыссервис» (В. Розметов), «Мұнай газ құрылыс» (Е.Сек), «Темірәлі» (А. Өтеғалиев), «Болат жол» (Е.Ниетқалиев), «Өмірзақ сервис» (Б.Сағиев), «Access coating group» (Б.Тейгубат-оғлы).

Мекеме басшылары Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекеттің «Теңіздегі таза аула» алғыс хатымен марапатталды. Олар алдағы уақытта да аумақтарының көгалдандыруына одан әрі үлес қосатындарын айтты. Бұл атқарушы орган мен кеніш мекемелері арасындағы адамдар денсаулығы, қауіпсіз еңбек ету мен табиғатты қорғауға бағытталған біріккен игі іс деуге болады.

Орақ Бисембиев,

Жылыой ауданы әкімінің Теңіз кенішіндегі кәсіпорындармен байланыс жөніндегі мемлекеттік инспекторы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521