Теңізде қосымша 400 инфекциялық​ орын ашу көзделуде

«Екінші толқын» бола қалған жағдайда Атырауда инфекциялық орындар саны 1570-ке дейін ұлғаяды

⠀ Қазіргі уақытта эпидемиологиялық ахуалдың тұрақтануына байланысты, Атырау облысы бойынша 520 инфекциялық орын жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 315 инфекциялық кереует Теңіз кенішінде ашылған. ⠀

«Бұл туралы бүгін Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нина Оспанова онлайн брифингте айтты» деп хабарлайды облыстық коммуникациялар қызметі. ⠀

«Бүгінгі таңда Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 174 адам ем қабылдауда. Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 38 науқас коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр. «Екінші толқын» басталған уақытта облыс бойынша инфекциялық орындар санын 1570-ке дейін ұлғайту, реанимациялық орындар санын 90 кереуетке дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Соның ішінде, Теңізде қосымша 400 инфекциялық​ орын ашу көзделуде» деп атап өтті Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасының бөлім басшысы Нина Оспанова. ⠀

Еске сала кетелік, пандемияның «бірінші толқынында» облыста 1170 инфекциялық орын ашылған болатын.

Облыстық коммуникациялар қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT