Теңізде «Бірлік» қалашығы ашылды

Өткен аптада іргеміздегі алып Теңіз кенішінде «Бірлік» атты қалашық ашылды. Бұл «ЮСС Супорт Сервисез» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің кен орнындағы жаңа қалашығы.

Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Қаһарман Бағынов пен аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азамататық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Серік Қамидолла қатысып, нысанның лентасын қиды.

Бірлік қалашығында 4000 адамды орналастыруға мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта қалашық 1500 қонақты толықтай заманауи жабдықталған бөлмелермен, демалыс орындарымен, дене шынықтыру залдарымен, ойын-сауық бағдарламалармен қамтамасыз етіп отыр. Сондай-ақ, екі мезгіл тамақ беріледі. Ал компанияның өзі 500 жаңа жұмыс орнын ашқан.

П.ҚИЗАТОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521