Жылыой ауданындағы ірі мұнай компаниялары бар Теңіз кен орнында да дауыс берушілерге барлық жағдай жасалған. Кен орнындағы вахталық қызметтегі жұмысшыларға ауданнан 15 жылжымалы пункт жіберілді.
Саяси науқанқа қатысқан жұмысшылар ой-пікірін білдірді.
-"Бүгін еліміз үшін тарихи күн. Бізде міне жұмыста болсақта өз дауысымызды беруге келдік. Жаңа Қазақстанды құруда әркімнің дауысы маңызды. Балаларымның болашағы мен елімнің ертеңі үшін өз таңдауымды жасадым",- дейді СК мекемесінің қызметкері Руслан Салықов
Айта кетейік, кен орнында 14 мыңға жуық сайлаушы, оның ішінде өзге өңірлердің азаматтары да белсенді қатысуда. Оларға ауданнан кеткен жылжымалы пункт қызмет көрсетуде.
А.Жұмабергенова