Теңіз кенішіндегі қызметкерлер қалай дауыс береді?

Үкіметтік емес ұйымдардан 20 тәуелсіз бақылаушы қатысуда.

«Атырау облысының тұрғындары арасында короновирустык инфекциясын таралуын алдын алу мақсатында карантиндік шараларды күшейту туралы» Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 19 желтоқсандағы №71 қаулысы негізінде тағайындалған карантин шарасына байланысты, Теңіз кенішіндегі дауыс беруге ниет білдірген мекеме қызметкерлерінің дауысын алуды сайлау учаскелік комиссия мүшелері тасымалдау жәшігімен кенішке барып алуда.

Осыған орай Теңіз кенішіндегі мекемелердің орналасу орнына қарай 11 дауыс беру пунктті бөлінді. Дауыс беру пункттерінің барлығы материалдық-техникалық базасымен және санитарлық–эпидемиологиялық жағдайдаға байланысты барлық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Теңіз кенішіндегі мекемелер қызметкерлерінен дауысты алу үшін аудандағы 20 сайлау учаскелерінен әрқайсысынан 2 комиссия мүшесі 52 тасымалдау жәшігімен және Үкіметтік емес ұйымдардан 20 тәуелсіз бақылаушы қатысуда.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматына ҚР Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауында өз дауысын беріп, таңдау жасау үшін Теңіз кенішінде «ТШО», «Болашақ», «ССЕР», «Жылыоймұнайгаз», «Браун», «Денхолм жолдас», «Жаңа Теңіз» мекемелерінде сайлау пункттері орналастырылды.

Жылыой ауданы әкімдігі

баспасөз қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521