ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 12 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ
Атырау облысында өткен тәулікте 12 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, - деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 4-еуі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен -7, Исатай ауданынан - 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған. Коронавирус жұқпасымен науқастанған үш адамда ауру симптомды, қалғанында симптомсыз түрде өтуде.
Өткен тәулікте инфекциялық стационарда емделіп жатқан 7 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Айта кетейік, қазіргі уақытта 81 адам үй жағдайында емделуде. Ал, №2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында 32 науқас, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 14 адам ем қабылдауда.
Атырау облыстық денсаулық сақтау
басқармасының баспасөз қызметі.