Теңіз кенішіндегі 1 жұмысшыдан коронавирус анықталды

Теңіз кенішіндегі ковид

ӨТКЕН ТӘУЛІКТЕ АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 5 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған бес адам анықталды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққандардың төртеуі – Атырау қаласынан. Ал, бір науқас – Теңіз кенішінің жұмысшысы.

Коронавирус жұқпасымен науқастанған екі адамда ауру симптомды, үшеуінде симптомсыз түрде өтуде. Сондай-ақ, өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус індетінен үй жағдайында ем алып жатқан екі адам жазылып шықты.

Қазіргі уақытта 109 науқас үй жағдайында емделуде.

stopcoronavirus.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT