Теңіз кенішінде жер сілкінді ме?

 Теңіз кенішінде түн ауа жер асты дүмпуі байқалған.

Бұл туралы «Казинформбюро» және басқа да ақпарат көздері мәлімдеді. «Теңізшевройл» ЖШС-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, сейсмикалық құбылыс өндіріс процесіне мүлдем әсер етпеген.

«Теңіз кен алаңындағы жалпы қызметкерлер мен өндіріске сейсмикалық белсенділік әсерін тигізген жоқ. Теңіз және Королев кеніштері кез келген белгілі сейсмикалық белсенді белдеулер шекарасынан 600 километрдей қашықтықтағы геологиялық төзімді аймақта орналасқан. ТШО-ның бақылауы бойынша, шөгу және шағын сейсмикалық әсерлер Теңіз және Королев кен орындарында қауіпсіз әрі тұрақты деңгейде»,- деген «Теңізшевройл» өкілдері.

Теңіз кенішіндегі вахтада жүрген кейбір жұмысшылар түн жарымында жердің дүмпуін байқаған. «Стол, кейбір жиһаздар сол сәтте кәдімгідей қозғалып тұрды» деседі олар. Алайда жұмысшылардың басым бөлігі бұл кезде ұйықтап жатқандықтан сейсмикалық құбылысты мүлдем сезбей қалған.

С.Тәжіқызы

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521