Теңіз кеніші

Теңіз кен орнындағы Келешек кеңею жобасы – Ұңғы ернеуіндегі қысымды арттыру жобасы (ККЖ-ҰЕҚБЖ) болды.

2016 жылы Теңізшевройл серіктестері оны қаржыландыру туралы түбегейлі шешім қабылдады. Осы аптада «Теңізшевройл» ЖШС арнайы республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері үшін Теңіз мұнай және газ кенішін аралауын ұйымдастырды. Алдымен журналистер үшін өндіріс басындағы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді. ТШО-ның өндірісті пайдалану бойынша менеджері Гарри Энк, Теңіз кенішінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап өтті.

Оның айтуынша Келешек кеңею жобасы өндіріс қуатын жылына шамамен 12 миллион тонна немесе тәулігіне 260 мың баррельге арттыруды, осылайша мұнай өндірісінің жылдық көлемін шамамен 39 миллион тоннаға немесе тәулігіне 850 мың баррельге жеткізуді көздеуде. Ұңғы ернеуіндегі қысымды басқару жобасы атқылайтын ұңғылардың ернеулік қысымын төмендетіп, қолданыстағы 6 кешенді технологиялық желінің кіреберісіндегі қысымды арттыру арқылы Теңіз кен орнында жұмыс жасайтын зауыттардың толық қуатпен жұмыс істеуін қамтамасыз етпек. Жоба аясында көптеген жұмыс орындары ашылып, қазақстандық тауарлар мен қызметтер кеңінен пайдаланылмақ. Экономикамыз үшін басымдыққа ие жобаның аясында 42 мыңнан астам қазақстандық ел ішінде жұмысқа тартылған. Бұл аталған жобада жалпы қызмет етіп жатқандар санының 92 пайызын құрап тұр. Аталған жобалардаға өндірістік нысандар модульдерден құрастырылып салынады. Ол модульдер Қазақстан, Оңтүстік Корея және Италияның өндіріс алаңдарында жасалып, ақырғы орнатылуы үшін Каспи теңізі арқылы Теңіз кен орнына жақын орналасқан Прорва түбегіндегі жүк түсіру терминалына жөнелтіледі. Осыдан кейін модульдер құрлық арқылы кен орнына жеткізіледі. БАҚ өкілдері Теңіз кенорнының қоршаған ортағы әсері, Қазақстандық компаниялардың жобаға қатысуы туралы сауалдарын қойды.

Қ.Дүйсенбетов.

 

(Толық нұсқасын «Кең Жылой» газетінің №38 санынан оқи аласыздар).

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521