Теңіз кеніші орналасқан жерде жұмыссыздық болмасын

Бүгінгі қоғамда әлеуметтік мәселенің басты назарда болуы - заңдылық.

Осы орайда аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Серік Қамидолламен кездесіп, сұқбаттасқан болатынбыз

-  Серік Қамидоллаұлы, алдымен, әңгімемізді аудан тұрғындарын жұмыспен қамту мәселесінен бастасақ. Осы орайда мемлекеттік бағдарламалар қаншалықты жүзеге асып отыр?

-   Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөліміне қарасты Халықты жұмыспен қамту орталығы «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» шеңберінде жыл қорытындысымен жұмыс іздеуші ретінде 3834 жұмыссыз тіркелді. Оның 3951-і тұрақты жұмысқа орналастырылды, бұл орталыққа тіркелгендердің 103,0 пайызын құрайды. Аудан бойынша 4994 жаңа жұмыс орны ашылып, мемлекеттік бағдарламаларға «Өңірлерді дамыту», «Үдемелі индустриалық-инновациялық даму», «Агробизнес - 2020», «Бизнесті жол картасы - 2020» және Теңіз кенішіндегі «Келешек кеңею жобасы» бойынша алғашқы құрылыс жұмыстары басталуына орай көптеген жұмыс орындары ашылды. Осы аралықта 95 мекеменің қатысуымен 11 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, оған 2276 жұмыссыз қатысып, оның 920-сы тұрақты жұмыспен қамтылды. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша жыл басынан бері жоспарға (200 адам) сәйкес қысқа мерзімді курстарға 388 адам жолданып, олар жүк ілуші, тұрбақұрастырушы, электромонтажды баптаушы, аспазшы, есепші, тігінші және т.б. мамандықтар бойынша оқытылып, оның 385-і толықтай оқуды аяқтады. Оқуды аяқтағандардың ішінде 311 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, орналасқандардың 80,0 пайызын құрады. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының екінші бағыты бойынша «Бастау Бизнес» кәсіпкерлік негізіне оқытуға 170 адам жоспарланса, оның 180-і оқытылып, сертификаттары табысталды. Сонымен қатар бағдарлама бойынша кәсіпкерлік бастаманы ынталандыру мақсатында барлығы 32 адамға 209,650 мың теңге несие беріліп, оның ішінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ арқылы 21 адам (оның ішінде 9 қатысушы мал шаруашылығын дамытуға, 1 қатысушы той салонын ашуға, 2 қатысушы сауда-саттыққа, 4 қатысушы айналым қаражатын толықтыруға, 2 қатысушы техника алу, 3 қатысушы техника жалға беру), «Қаржыгер» несие серіктестігі арқылы 8 адамға (7 қатысушы мал шаруашылығын дамытуға, 1 қатысушы арнайы техника алуға) және екінші деңгейлі «Сбербанк» арқылы 3 адамға несие берілді (аталған несие 1 қатысушыға дүкен сатып алуға, 1 қатысушыға техника жалға беруге, 1 адамға сауда-саттыққа берілген). Мемлекеттік грант беру 3 адамға 722,0 мың теңге жоспарланып, толықтай игерілді. «Кулекенова А.Н», «Есенова Ж.С», «Назарова Ж.Т.» жеке кәсіпкерліктеріне 240,5 мың теңге көлемінде грант берілді. «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша әлеуметтік жұмыс орнына 85 адам, жастар тәжірибесіне 89 адам тәжірибе жинақтауға және ақылы қоғамдық жұмысқа 484 адам тартылды. Ағымдағы жылы қысқа мерзімді кәсіптік оқуға 36 млн теңге, әлеуметтік жұмыс орнына 5 млн 659 мың теңге, жастар тәжірибесіне 21 млн 645 мың теңге, ақылы қоғамдық жұмысқа 46 млн 687 мың теңге бөлініп, толықтай игерілді.

-  Жазасын өтеп келген азаматтардың жұмыспен қамтылуы қалай? Оларды қоғамға бейімдеу жұмыстары қалай жүргізілуде?

-  Жеке бағдарламамен пробация қызметі есебінде тұрған 34 адам орталыққа жұмыс іздеуші ретінде есепке алынып, оның 23-і тұрақты жұмыспен қамтылды. Орталықтың ұйымдастыруымен пробациялық бақылау тағайындалған азаматтарды жұмысқа орналастыру бағытында екі рет бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді. Сонымен қатар сұраныстарға сәйкес және жәрмеңке бойынша «Арктик», «СиСи», «Беркад», «ЮСС Суппорт Сервисез», «Ариадна», «Денхолм Жолдас», «Мако», «Сауыт сөндіруші», «Гате Иншат», «Жылыой ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімі» КММ-не, «Qaz Export Group», «Orizon» ЖШС-не және т.б. мекемелерге орналастырылды. «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша қысқа мерзімді кәсіптік қайта даярлау курсынан 5 адам өтті, әлеуметтік жұмыс орнына 1 адам, 2-еуі өз еркімен жұмыссыздық есебінен тіркелуден бас тартып, 1-еуі наркологиялық диспансерге емделуге жіберілді, ал қалған 2-еуі бойынша мекемелерге түйіндемелері жолданып, жұмысқа орналастыру шаралары жүргізілуде.

-  Ауданда міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру бойынша қандай жұмыстар атқарылды?

-  Міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру жүйесіне сәйкес мәртебесін анықтау мақсатында тұлғалардың нақты мәртебесін сәйкестендіру үшін Мемлекеттік кірістер басқармасымен, көші-қон қызметі бөлімшесімен және әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталықтарымен сәйкестендіру жұмыстары үнемі жүргізілуде. Дерекқор бойынша белгіленген 5884 адамның ішінде 4313 адам мәртебесі нақты сәйкестендіріліп, 73,3 пайызды құрап отыр.

-  2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап атаулы әлеуметтік көмектің жаңа түрі енгізілген болатын. Осы көмек түрімен ауданымызда қанша адам қамтылып отыр?

-  Аталған көмек екі түрге бөлінеді: шартты және шартсыз ақшалай көмек. Оған 12 айдың қорытындысымен 182 отбасындағы 966 адамға 43 млн 012 мың 413 теңге тағайындалып, төленді. Атап айтқанда, шартты ақшалай көмек түріне 155 отбасындағы 835 адамға 35 млн 226 мың 812 теңге, шартсыз ақшалай көмек түріне 27 отбасындағы 131 адамға 7 млн 785 мың 601 теңге тағайындалды. Шартты ақшалай көмек алушылар ішіндегі еңбекке қабілетті 126 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды, оның ішінде 78-і тұрақты жұмыс, 1-еуі әлеуметтік жұмыс, 15-і қоғамдық жұмыс және 32-сі кәсіби оқу мамандықтарына оқытылды. Сондай-ақ мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуге 52 балаға 2 млн 181 мың 816 теңге, аз қамтылған 21 отбасыға 259 мың 892 теңге тұрғын үй көмегі берілді. Аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 15 желтоқсандағы №15-1 «2018-2020 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне сәйкес ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде аудандық бюджет қаражаты есебінен 447 адамға 2 млн 235 мың теңге бір жолғы әлеуметтік көмек берілді. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 22 тамыздағы №15-4 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасын бекіту туралы» шешіміне сәйкес ағымдағы жылдың қараша айында үйі өртенген 1 отбасыға 240 мың 500 теңге әлеуметтік көмек төленді.

-  Туберкулезбен ауыратын науқастарға қандай әлеуметтік қолдау көрсетіледі?

-  Туберкулезбен ауыратын және амбулаториялық деңгейде ем алатын адамдарға ай сайын 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде әлеуметтік көмек төлеу мақсатында, аудандық мәслихаттың 2016 жылғы 15 қырқүйектегі №5-5 шешімі бекітілді. Соған сәйкес жергілікті бюджеттен 148 адамға 21 млн 933 мың 600 теңге қаржы төленді. -Аудан бойынша қанша мүгедек бар? Оларды мемлекет тарапынан қамту мәселесі туралы айтып өтсеңіз.

-  Жылыой ауданы бойынша мүгедектер саны – 2233, оның ішінде 1-топ мүгедектер саны –144, 2-топ мүгедектер саны – 697, 3-топ мүгедектер саны – 967,бала жастан мүгедек - 425. Аудандағы мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыс іздеуші ретінде тіркелгені 88 адам болса, оның 52-сі тұрақты жұмысқа, 28-сі қоғамдық жұмысқа, 6-ауы әлеуметтік жұмыс орындарына және 2-еуі жастар тәжірибесіне жолданды. Жыл қорытындысымен көмекші құралдары және сауықтыру орындарына бөлінген жолдамалар толығымен игерілді. Шипажайға түскен өтініштер бойынша Щучинск қаласындағы «Тәуелсіздік» шипажайына 47 адам, Алматы қаласындағы «Спутник» шипажайына 30 адам, Ақтөбе қаласындағы «Алға» шипажайына 128 (оның 10-ы - Ауған ардагері), Орал қаласындағы «Ақжайық» шипажайына 79 мүгедек жолдамамен қамтамасыз етілді. Жыл басынан бері 170 мүгедек облыстық Оңалту орталығына барып, ем қабылдады. 1 маусым Балаларды қорғау күніне орай 400 мүмкіндігі шектеулі балаға 8 млн теңге біржолғы төлемақы төленсе, қазан - қайырымдылық айына орай 1936 (I,II, III топ) мүгедекке 38 млн 720 мың теңге біржолғы әлеуметтік көмек берілді. Мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2018 жылдарға арналған іс-шаралары негізінде кезең-кезеңімен жоспарға сай түгендеу және бейімдеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ, 200 нысанның ішінде 163 нысан бейімделуге жатады деп бекітілді. 2015 жылы 6 нысан, 2016 жылы 78 нысан, 2017 жылы 55 нысан, 2018 жылы 24 нысан толығымен бейімдеуден өтті. Сот шешіміне сәйкес әрекетке қабілетсіз деп танылған 14 қорғаншылыққа алу туралы қаулы қабылданды. Атырау қаласындағы арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына төрт адам орналастырылды.

-  Ауданымыздағы ардагерлерге қандай қолдау көрсетілді?

-   Аудандық мәслихаттың 11 желтоқсандағы 2013 жылғы №17-17 шешіміне сәйкес аудандағы Ұлы Отан соғысына қатысушылардың, Ауған соғысына қатысушылардың және соғыс жылдарында қажырлы еңбек еткен тыл еңбеккерлеріне ай сайынғы коммуналдық шығындарына 8 млн. 230 мың теңге әлеуметтік көмек, атаулы күндер мен мереке күндерге 6 млн. 400 мың теңге төленді.

-  Әңгімеңізге рақмет.

Қ.Дүйсенбетов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521