«Тәуелсіз елдің ұландары»

ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ «БАЛДӘУРЕН» БӨБЕКЖАЙ БАҚШАСЫНДАҒЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР АРАСЫНДА СПОРТТЫҢ ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ, ДОЙБЫ ТҮРЛЕРІНЕН «ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰЛАНДАРЫ» АТТЫ ЖАРЫС ӨТКІЗІЛДІ.

Жарысқа №3 мектеп жанындағы дене шынықтыру және спорт кешенінің жаттықтырушысы Ләйла Қабдешова төрелік етті. Қатысушылар дойбы және тоғызқұмалақ түрлері бойынша алма кезек сайысқа түсті. Барлық қатысушылар шеберлік танытып, дипломдармен марапатталды.

Егемен елдің келешегі, тұтқасы оның шыныққан дені сау, білімді де саналы азаматтары болып саналады. Ендеше, мереке кезінде өткізілген спорттық жарыстың берер пайдасы мол болды.

Айнұр МАҚСОТҚЫЗЫ,

балабақша тәрбиешісі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT