Тасжолда қиылған ғұмырлар

Аудандық ішкі істер бөлімінің хабарлауынша, өткен аптада арты қайғылы жағдаймен аяқталған екі бірдей жол-көлік оқиғасы болды.

Араға екі күн салып орын алған жол апатының кесірінен үш адамның өмірі қиылды. Түнгі сағат 23.00-дер шамасында қаланың шеткі учаскесінің біріндегі үлкен көшемен «Дэу Нексия» автокөлігін жүргізіп келе жатқан жүргізуші қарсы бағыттағы «Мерседес-Бенц»-бен соқтығысты. Соның салдарынан қос көлік бетпе-бет түйісіп, бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Ауыр дене жарақатын алған жүргізуші жедел түрде орталық ауруханаға жеткізілді. Бірақ дәрігерлер оның өмірін ажалдан арашалап алып қала алмады. Жас жігіт жан сақтау бөлімшесінде қайтыс болды. Кешкісін сағат 21.40 минуттар шамасында ауруханаға сексеннің сеңгіріне келіп қалған қария шұғыл жеткізілді. Дәрігерлер оның жол-көлік оқиғасынан қатты зардап шеккенін анықтады. Өкінішке орай, ақ халатты абзал жандар кейуананың өмірін сақтап қала алмады. Кейін жедел тергеу тобы анықтағанындай, жәбірленушіні қаланың орталық көшесінде «Лада» маркалы автокөлігі қағып кеткендігі белгілі болды. Көлік иесі болса пайғамбар жасына жетіп қалған егде жүргізуші болып шықты. Аталған деректерге байланысты алдын ала тергеу амалдары жүргізілу үстінде.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521