Тасжол төселсе...

Біз, «Достық» ықшамауданындағы №174 көшеде тұратын тұрғындар төмендегі жағдайымызды баяндаймыз.

Біздің тұрған жеріміз – Е.Халықов атындағы мектептен бұрылғандағы асфальт жолмен тіке жүргенде сайдың үстіне салынған жаяу адам өтетін көпірден өткеннен кейінгі жер. Бұл жер қысы, жазы ылғалданып тұрады. Қар еріп, жаңбыр жауғанда саз балшықтан аяқ алып жүре алмаймыз. Бірнеше жылдан бері асфальт салынбай жатқан жер. Әсіресе бұл қарт адамдар мен оқушылар үшін өте қиын. Арғы көшедегі тасжолдан бастап жаяу адам өтетін көпірге дейін асфальт жол салынса деген тілегіміз бар.

«Достық» ықшамауданы, №174 көшесінің бір топ тұрғындары атынан

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521