Тасқыннан бүлінген жолдар жөнделмек

«Құлсары-Доссор» тас жолының 41,8 шақырымы орташа жөндеуден өтеді Тасқын салдарынан «Доссор-Құлсары-Ақтау» автомобиль жолының бүлінген аумақтары анықталды. Қазір орташа жөндеу жұмысына дайындық жүргізілуде. Бұл туралы «Қазавтожол» “ҰК” АҚ директорының орынбасары Аслан Дюсенов мәлім етті, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
- Мердігер мекемені анықтау үшін конкурс жарияланды. Әйтсе де, жөндеу жұмыстарының жарты бөлігі келер жылы жалғасады. Өйткені, күн күрт суытқан жағдайда жол-құрылысы оң нәтиже бермеуі мүмкін.

Айта кетейік, жөндеу жұмыстары барысында 101-102 шақырымдық жол астына темір-бетонды екі құбыр орнатылады, - деді А.Дюсенов.

Қазір «Мұқыр-Құлсары» автомобиль жолының бүлінген аумағына «Атырауинжстрой-АИС» ЖШС-гі орташа жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521