Өткен жылы Жылыой ауданындағы тасқын салдарынан Достық ықшамауданындағы Ерболат Омаров және Келбатыр Төлесінов көшелерін қосатын автомобиль көпірі жарамсыз болып қалған еді.
Бүгінде маңызды инфрақұрылымдық нысан қайта қалпына келтіріліп, халық игілігіне берілді. Бұл шаруамен “ҚазАлем” ЖШС айналысқан болатын.