Тас жолда автоцистерна отқа оранды

Оқиға Құлсары қаласынан шамамен 5 км жерде орын алды

2020 жылғы 24 қарашада сағат 07 сағат 22 минутта №9 өрт сөндіру бөлімінің байланыс бекетіне Жылыой ауданы, Құлсары – Теңіз тас жолы бойында жүк автокөлігінің жанып жатқаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды Атырау облысы ТЖД Жұртшылықпен байланыс тобы.

Шақырту орнына жеткен кезде «KARPET TRANSPORTATION» ЖШС-не тиесілі мұнай тасуға арналған "КамАЗ" жартылай тіркемелі автоцистернасының кабинасы, қозғалтқыш бөлігі толық ашық отпен жанып жатқаны және автокөлікте 30 м3 мұнай бар екені анықталды.

Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде өрт дер кезінде ауыздықталып, "КамАЗ" автокөлігінің мұнайы бар жартылай тіркемесіне өрттің көшуіне жол берілмеді. Өртті сөндіруге №9 өрт сөндіру сөндіру бөлімінің 1 бірлік техникасы мен 3 бірлік жеке құрамы жұмылдырылды. Өрт сағат 07:40 оқшауланып, 07:42 жойылды. Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ.

Естеріңізге сала кетейік,  жыл басынан бері автокөліктердегі 84 өрт оқиғасы тіркелді.

Құрметті Атырау облысының тұрғындары!

Өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауларыңызды сұраймыз!

"Жылыой-ақпарат"

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT