Тас жол құрылысы ерте бітуі мүмкін

Нұрлан Ноғаев: «Атырау-Астрахань» жолының құрылысы 2022 жылы толықтай аяқталады

2022 жылы пайдалануға берілетін «Атырау-Астрахань» жолының құрылысының сапасы берік, қарқыны жақсы.

tasjol1

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев айтты.

tasjol2

«Ресей Федерациясы шекарасы - Атырау» жолын қалпына келтіруге бағытталған жұмыстар жоспарға сай жүзеге асып жатыр. Жалпы ұзындығы 277 шақырым болатын жолдың бүгінгі таңда, 60 шақырым бөлігіне жөндеу жұмыстары басталды. Жобалық-сметалық құжаттамаға сай құрылыс жұмыстары 2021 жылы аяқталуы тиіс. Бірақ, құрылыс қарқыны жақсы болғандықтан, құрылысшылар ерте бітіруі де мүмкін, - деді аймақ басшысы.

tasjol

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан екі бағыттағы жолдың бірі. Толықтай пайдалануға 2022 жылы беріледі деп жоспарланып отыр. Екінші бағыт – Атырау-Ақтөбе жолы, оның 27 шақырымы төселді, 88 шақырымы салынып жатыр, қалған 40 шақырымында дайындық жұмыстары жүруде. Сонымен қатар, аймақта көлік инфрақұрылымын дамыту бойынша жол-құрылыс жұмыстары жүзеге асуда. Жалпы ұзындығы - 165 км болатын 216 көше, 32 елді мекенде жол салу жоспарланған.

tasjol4

Облыс орталығында 4 басты көше кеңейтіледі, кеңейту жобасы: жол төсемін көбейту, жаңа LED жарықтандыру орнату, жаяу жүргіншілер жолын, вело-жол салу жұмыстарын қамтиды.

Келер жылы облыс орталығында 7 көшені кеңейту жоспарланған. 45 км жаңа жол салынады. Бүгінде Атырауда және қала маңындағы елді мекендердегі сапалы жол үлесі – 85 %.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521