Елдің ертеңі таңдауға түскен заматта жасып қалмай, өз таңдауымды жасау азаматтық парызым. Біріміз қарсы, біріміз қолдасақ та, бірліктен айырылмай, жұдырықтай жұмыла отырып, шешім қабылдауымыз керек.
«Көптің тілегі – қабыл» демекші, «қарапайым халық шешсін» деген Мемлекет басшысының бастамасы ақиқаттың ара-жігін ажыратпақ. Өз дауысымды бере отыра, барша қазақстандықтарды ертеңгі елдің болашағын бүгіннен қалап, парасат пайымымен таңдау жасау үшін дауыс беру учаскесіне шақырамын.
Ерназ Ахметкәрімов