Жылыой ауданы әкімі жанындағы Аналар кеңес, Жаңа қаратон кентінің Аналар кеңесі мен «Шапағат» бөбекжай бақшасы бірлесіп ұйымдастыруымен Қазақстан Халқының Ассамблеясының 30 жылдығына орай 1 Мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне «Тарих пен тағдыр тоғыстырған халық» атты көпэтносты отбасылармен кездесу өтті. Мақсаты – Еліміздегі бірлік пен келісімде, татулық пен тұрақтылықта өмір сүріп жатырған көпэтносты отбасылардың отбасылық құндылықтарын дәріптеу.
Шараны кент әкімі жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Р.Молдабаева мерекелік құттықтау сөзімен ашты. Шараға арнайы шақырылған татар этносының өкілі, қазақ отбасының келіні, көпбалалы ана Чигрина Надежда Николаевна, орыс этносының өкілі, қазақ отбасының келіні Ситникова Любовь Сергеевна және орыс этносының өкілі, қазақ отбасымен құда-жекжат Шпилева Надежда Анатольевна өздерінің ұлын ұяға, қызын қияға қондырған отбасыларындағы салт-дәстүрі мен қатар қазақ халқының әдет-ғұрпы, салты дәстүрі де ұстанатынын, отбасыларындағы құндылықтары мен жергілікті халықтың жақсы қарым-қатынасын, бауырмалдылығын айтып берді.
Балабақша психологі Ш.Қожанова қатысушылармен «Бәріміз әртүрліміз және бұл біздің байлығымыз» тақырып төңірегінде тренинг өткізді.
Шараға қатысқан Жылыой ауданы әкімі жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы М.Әбдіғалиева, мүшесі М.Алғазиева, Н.Бердібекова, Қосшағыл ауылдық округі әкімі жанындағы Аналар кеңесінің мүшесі Ғ.Саренова, облыстық Ассамблеяның аудандағы сарапшысы А.Сыдықова өздерінің ой-пікірлері мен тілектерін қосты.
Жаңа Қаратон кенті әкімінің орынбасары Е.Шымыров мерекелік құттықтау сөзімен қатар, Аналар кеңесінің жұмысына әрдайым қолдау білдіретіндерін айтып өтті. Және кент әкімі атынан Құттықтау хаты мен гүл шоқтарын этнос өкілдеріне табыстады.
Жылыой ауданы әкімі жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы М.Әбдіғалиева қонақтарға бағалы естелік сыйлықтарын табыстады.
#birlik2025
#ҚХА30жыл #АНК30лет #APK30years