Аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Жұмабек Қаражановтың төрағалығымен ақпараттық жиын өтті. Аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері мен тиісті бөлім басшылары қатысқан басқосуда күн тәртібіндегі бірнеше мәселе қаралды. Сөз алған спикер аудан әкімі аппаратының басшысы Алмат Теміржанов:
- 2022-2024 жылдары өткен аппараттық мәжілісте 506 тапсырма беріліп, бақылауға алынды. Сонымен қатар, 2022-2024 жылдары нысандарды аралау кезінде 270 тапсырма берілді. Аудан әкімі аппаратымен әр берілген аппараттық жиын мен аралау бойынша тиісті хаттама жасақталынып, орындау үшін тапсырмалардың тізбесі мемлекеттік орган басшыларына жолданып, бақылауға алынады. 2024 жылы 20 жеке қабылдау өтіп, 421 тұрғын қабылданды, 207 тұрғынға қолданыстағы заңға сәйкес түсінік жұмыстары жүргізіліп, 214 мәселе бойынша 298 тапсырма берілді.
Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI ҚРЗ әкімшілік Рәсімдік-Процестік Кодексін және ҚР Бас Прокурорының 2021 жылғы 19 мамырдағы №70 "Мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына, мемлекет жүз пайыз қатысатын заңды тұлғаларға келіп түсетін жолданымдарды тіркеу, есепке алу, сондай-ақ "Электрондық жолданымдар" ақпараттық-талдау жүйесін жүргізу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығын басшылыққа ала отырып жеке және заңды тұлғалардың өтініштері есепке алынып, тіркеліп қаралады. Аудан бойынша 2024 жылы жеке және заңды тұлғалардан барлығы 4454 (2023 жылы – 3155) өтініш келіп түсті. Өткен жылы жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен проблемалық өтініштердің басым көпшілігі жол салу, баспанамен көмектесу, әлеуметтік және қаржылай көмек көрсету, жер мәселесі, төтенше жағдай,су тасқыны мен жерасты суларынан зардап шеккен тұрғын үй, суға кеткен көліктеріне өтемақы төлеу мәселелері туралы. Аудан әкімі аппаратына құжат айналымы арқылы 2024 жылы 7405, қызметтік бабында пайдалану үшін (ДСП) 268 хат келіп түсті, 2010 хат бақылауға алынды. Аудан әкімі аппараты тарапынан күнделікті жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер, бақылауда тұрған хаттар мен тапсырмаларды орындау бойынша тиісті мемлекеттік орган басшылары мен жауапты мамандарына арнайы хабарламалар жолдануда. Аудан әкімі аппаратының басшысы тарапынан тапсырмаларды орындау бойынша 2024 жылы 12 аппараттық мәжіліс өткізіліп, мәселелерді орындау жөнінде тапсырмалар берілді,- деді өз баяндамасында.
Келелі кеңестің бұқараға берер пайдасы мол деген сенім білдіреміз. Аудан әкімі Жұмабек Байрақбайұлы да әр келген өтініштің жауапсыз қалмай, тапсырмалардың тиісті дәрежеде орындалуын қатаң ескертті. Орындалмаған жағдайда тәртіптік шара қолданылатынын да баса айтты.
Е.Алтайұлы