Тал егу – табиғатқа салынған инвестиция

«Теңізшевройл» компаниясымен жасалған арадағы меморандумға сәйкес аудан аумағында жалпы көлемі 10 гектар жерді көгалдандыру жоспарланған болатын. Қазіргі таңда бұл бағыттағы жұмыстар қарқынды жүргізіліп жатыр. Айталық, жақында Құлсары қаласындағы «Атырау» ықшамауданында басталған іс-шара – соның айғағы.

Жасақталған жоспарға сәйкес биыл аталған ықшамаудан аумағының 4,6 гектар жеріне ағаш отырғызу жұмыстары жүзеге асырылды. Тал отырғызу барысында жергілікті табиғи ерекшеліктер ескеріліп, аймаққа бейімделген ағаш түрлері таңдалды. Жас шыбықтарды отырғызу және күтіп-баптау арнайы мамандардың бақылауымен жүргізілу үстінде.

-Меморандум негізінде атқарылып жатқан бұл жұмыстардың басты мақсаты – қаланың экологиялық жағдайын жақсарту, тұрғындарға жайлы әрі жасыл орта қалыптастыру,-дейді жобаны жүзеге асырып жатқан мамандар.

Иә, «Атаңнан мал қалғанша, тал қалсын» деген осы да. Келер ұрпаққа жасыл желекке оранған шырайлы шаһар қалдырсақ, олардың бізге алғыстан басқа айтары болмас. Бұл ретте меморандум міндетін мінсіз атқарып жатқан ТШО компаниясының еңбегі зор.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT