ТАҚТАЙДАЙ ТЕГІС ТАСЖОЛДАР

Сәуірдегі су тасқыны кезінде аудан орталығы - Құлсары қаласындағы 10 шақырым тасжол бүлінді. Соның кесірінен қаланың кейбір көшелерінде қатынас нашар- лап, кей жерлерде мүлдем тоқтап қалды. Әсіресе, жаңадан салынған аудандық орталық ауруханаға бару қиындық келтірген еді.

Аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бекет Бозжігітовтің айтуынша, қазір Шәкірова, Қожанов көшесінің бойында жөндеу жүріп жатыр.

Бұдан басқа, қаланың ішіндеі Абдрахманов, Сауран және И . Таймановпен С. Датов сынды басты көшелер де күрделі жөнделіп, пайдалануға берілетін болады. Сонымен бірге, ауданның кешенді даму жоспарына сәйке с Құлсары қаласы жолдарын қайта жаңғыртудың үшінші кезеңіне сәйкес 110 көшенің 31, 8 шақырымына асфальт төсеу жұмыстары жалғасып  жатыр. Бұл міндеттеме алдағы қыркүйек айында аяқталуы тиіс. Бұл міндетті қаладағы мердігер мекеме "Казкомсервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі атқаруда.

Бір сөзбен айтқанда, тасқыннан кейінгі қалпына келтіру іс-шараларымен бірге басталған жол төсеу жұмыстары Құлсары қаласының көшелерін адам танымастай етіп өзгертіп, қозғалыс қауіпсіздігінің артуына мүмкіндік бермек.

Е.БИСЕКЕНҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521