Тағы да «Болашақтағы» баспана жайы

Көктемгі су тасқыны кезінде зардап шеккен тұрғындарға арнап жаңадан салынған «Болашақ» ықшамауданындағы 100 үйдің сапасы туралы газетімізде бірнеше рет мәселе көтерген едік. Өйткені редакцияға телефон шалып та, аяқтай да келіп мұңын шаққан тұрғындар қатары аз болмады. Нәтижесінде мәселеге облыстық құрылыс басқармасының басшылары араласып, кеткен кемшіліктер түзетілетін болды.

«Болашақтың» болашағына деген халықтың алаңдаушылығын туғызған мәселеге орай жақында ауданға басқарма басшысының орынбасары Талғат Бисен Құлсарыға арнайы іс - сапармен келіп, кетті. Тексеру кезінде белгілі болғанындай, жаңадан бой көтерген 6 үйдің қабырғасы жарылып, сызат түскені анықталды. Соған байланысты жауапты мердігер мекемелерге тиісті тапсырмалар беріліп, сараптама жұмыстарын жүргізу міндеті жүктелді.

- Баспаналардың әлі де кепілдік мерзімі бар. Қазіргі таңда зерделеу жұмыстары басталды. Дегенмен де алдын ала болжам бойынша қардың көп түсуі мен уақытылы тазаланбауы, қабырғалардың жарылуына негізгі себеп болуы мүмкін. Мәселе толыққанды шешіледі,-деді Талғат Ахметұлы.

Десек те, «Болашақ» ықшамауданының инфрақұрылымын дамыту жұмыстары жалғасуда. Жақында жалпы ұзындығы 5 шақырымды құрайтын көше шамдары іске қосылып, түнгі уақытта тұрғындардың қауіпсіздігі мен жайлылығы қамтамасыз етілді. Алдағы уақытта да қаланың даму жоспарына сәйкес инфрақұрылымды жетілдіру бағытындағы жұмыстар жалғасатын болады, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT