Ауданда су басу қаупі бар елді мекендер қатарында Ақкиізтоғай ауылы да бар. Күні бүгін ол жақта тасқынның беті қайтарылды. Бірақ ауыл су қоршауында тұр.
Өкінішке орай бүгін түсқайта Құлсарының шыға берісіндегі Ақкиізтоғайға қатынайтын тасжолды су шайып кеткені жөнінде бейнежазба тарады. Онда ауылдан Құлсарыға жақындай бере Жемнің өр суының асфальттың үстін шайып, арғы бетке лап қойғанын көреміз.
Бұл шамамен "Болашақ" ықшамауданына жақын маңда.
Еске сала кетейік, бүгін таңертең жедел штаб "Болашақ" ықшамауданы тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру жөнінде шешім қабылдаған еді.
Өз тілшіміз