Серуенге шыққанда абай болайық!

Табиғат аясына серуендеуге шыққан азаматтардың жаққан оттарын өшірмей кеткендіктерінен немесе көлік жүргізушілерінің жол жиегіне өшірмей тастай салған темекі тұқылынан, ашық алаңқайда қоқысты немесе құрғақ шөптерді жағу және т.б. салдардан пайда болады.

Өрттің пайда болуының 90 % жуығы азаматтардың немқұрайлығынан, 7-8 % найзағайдың жерге соғуынан, 2-3% өзге факторларға байланысты (далалық жерде жатқан шыны жарықшасымен күн сәулесінің шағылысуынан пайда болады). Далалы аймақтардың өртке қауіпті кезеңдері жаз мезгілінің ортасы мен соңында орын алады. Бұл құрғақ өсімдіктер мен шөптердің бір ұшқын тисе өте тез қарқынды жануына байланысты.

- Далада отқа арналған орынды құрғақ шөптен, қоқыстан мұқият тазалау қажет;

- Отты тақыр жерлерде жағу қажет;

- Отты қамыстан, өсіп тұрған құрғақ ағаштан қашық жерде жағу қажет;

- Жаққан отты қараусыз қалдырмау, кетер алдында отты толық сөндіргеніне көз жеткізу қажет.

Пайда болған өрт ошақтарын тез арада сөндіру керек: сумен, құммен, сулы матаның көмегімен сөндіріледі. Есіңізде сақтаңыз! Өрт қауіпсіздік ережесін сақтау - әр азаматтың міндеті. Өртті сөндіргеннен, алдын алған оңай! Өрт оқиғасы болған жағдайда дереу өрт сөндіру қызметіне 101 немесе 112 телефон нөмерлері арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

Майкөмген ауылдық округі әкімі аппараты

Сурет: ашық дереккөз

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика