Табиғат – алтын бесік

Осындай тақырыппен балалар кітапханасында ойын сабақ өтті.

Аудандық балалар кітапханасында балалар мен жасөспірімдерді туған елдің табиғатын аялауға, тазалыққа үйретуге, жасыл желектерді баптап күтуге үйрету мақсатында «Табиғат – алтын бесік» тақырыбында ойын сабақ өтті. Онда кітапханашы Б.Садықова «Экология – ел тағдыры» тақырыбында түсінік жұмыстарын жүргізді. Слайд арқылы оқырмандар еліміздің көрікті жерлерімен, тамаша табиғатымен танысты.

Оқырман Айболат Бауыржанұлы еліміз, жеріміз таза болуы үшін ауладағы өсіп тұрған талдарды аялап, баптап-күтіп, кез келген жерге қоқыс тастамау керектігін айтты. Ұлболсын Лауадина бөлме өсімдіктерін қалай күту керектігі жөнінде анасынан үйренгенін ортаға салды. Анара Ілияс пен Айгерім Екпін қазіргі экологиялық мәселелер жөнінде өз ойларымен бөлісті. Ләйла Ғалымқызы өзі жазғы демалыста Көкшетауда болғанын, ол жердің жанға жайлы әсем табиғат аясында өткізген қызықты саяхаттарымен тебірене бөлісті.

Қ.НҰРТАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT