Тағам өнімдері қалай таңбаланады?

Аудандағы тағам өнеркәсібі саласындағы жеке кәсіпкерлерге тағам өнімдерін таңбалау туралы семинар өтті.

Онда наубайхана иелеріне Кеден Одағы техникалық регламенті бойынша таңбалау бөлігіндегі тамақ өнімдері мен йод тапшылығынан пайда болатын аурулар туралы кеңінен мәліметтер берілді. Семинарды Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Динара Жарылғасова мен басқарманың жетекші мамандары Ж.Төлеуішова, Н.Құлекенова өткізді. Онда төмендегі мәселелер кеңінен талқыланды.

Семинарда таңбалауда көрсетілетін атау өнімді тамақ өнімдеріне жатқызуға, оны нақты сипаттауға және оны басқа тамақтан айыруға мүмкіндік беруге тиіс. Кеден одағының тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне арналған техникалық регламенттері күшіне енген кезде тамақ өнімдерінің атауы оның талаптарына сәйкес келуі керек.

Семинарда йод жетіспеушілігі салдарынан туындайтын қауіпті аурулар және осы кеселдің алдын алу шарасы туралы айтылды. Алдымен, азық-түлік өнімдері мен су арқылы тұрғындарды йодпен қамтамасыз ету мәселесі күн тәртібіне қойылды.

Ж.Шаңқанова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Whatsapp:  +77017650876

Әлеуметтік желілеріміз