Тәуелсіздіктің ұрпақтары

Бүгін тікелей эфир арқылы «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атты Жастар жылының ашылу салтанатын тамашаладық. Алдымен, жеткен жетістіктерін айтып, ұсыныс-пікірлерін білдірген кәсіпкер, ғалым, спортшы, ақын, бүркітші т.б. қыз-жігіттер бүкіл елді сүйсінтті десек болады.

Бүгінгі жастарымыздың осыншама жетістікке жетуі өскелең ұрпаққа үлгі боларлықтай. Олардың жүректерінен жалын, көздерінен отты байқаған Елбасы Н.Назарбаев «Міне, тәуелсіздіктің ұрпақтары» деп, мақтаныш сезімін жеткізді.

Жастар жылында Елбасымыз оларды қолдау мақсатында бірқатар іс-шараларға тоқталды. Бұл дегеніміз – осы уақытқа дейін мемлекет тарапынан жастарға көрсетіліп келе жатқан қамқорлықты одан әрі дамытып, тұтастай ұрпақ ісін жан-жақты қолдау. Осылайша жастар мен отбасы институтын кешенді көтермелеу мемлекеттік саясаттың басым бағытына айналды. Бұл – бізге деген сенім мен жауапкершіліктің айқын көрінісі. Президент сенімін ақтау үшін біз, жастар барлық күш-жігерімізді біріктіріп, жаңа әлемге жол саламыз. Ол жол — Елбасымыз айқындап берген, елімізді ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына апаратын жол. Бүгінгі Жастар жылының ашылу салтанатында Елбасы тұрғын үй мәселесін қозғады. Осы орайда ауданымызда көпқабатты үйлер бой көтеріп, жас отбасыларға да берілсе деген арманымыз бар.

Ербол ШЫМЫРБАЙ,

«Жас Отан» Жастар қанатының белсенді мүшесі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521