Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында жаңа кітапхана пайдалануға берілді.
Аудандық орталықтандырылған кітапхана ғимаратының ашылуы рәсімінде Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Шәкіров Әнуар жұртшылықты келе жатырған ұлттық мереке Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жаңа ғимараттың іші оқырмандарды білімге жетелейтін кітаппен толықсын деп тілегін білдірді.
Өз кезегінде аудан әкімінің орынбасары Әнуар Играшинұлы кітапхана ұжымына сәттілік тілеп:
- Кітапхана оқырмандары осындай рухани ордадан өзіне керекті дерегін дер кезінде тауып, кітапқа деген қызығушылығы арта түсер деген сенімдемін, деді.
Аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Н. Құсайнов аудандық кітапхана директоры Б. Кенжебековаға жаңа ғимараттың символикалық кілтін табыс етті.
Екі қабаттан тұратын жаңа кітапхана ғимараты 100 орындық акт залмен, 60 орындық оқырман залы және 20 орындық интернет залымен қамтылған. Жалпы аумағы 600 шаршы метр. Аудандық орталықтандырылған кітапханаға қарасты аудандық балалар кітапханасы, 3 қалалық кітапхана және 6 ауылдық кітапхана бар. Аудандағы кітапхана қорында 200 мыңның үстінде кітап қоры мен 20 мыңнан астам оқырманы бар.
Жылыой ауданы мәдениет, тілдерді дамыту,
дене шынықтыру және спорт бөлімі