banner_damu

Тәуелсіз елдің әр жетістігі сенімді қорғалады!

Бұл үрдісте құқық қорғау жүйесінің маңызды институты ретінде прокуратураның рөлі айрықша көрінеді. 1991 жылғы 6 желтоқсанда «Қазақ КСР прокуратурасы органдарының бірыңғай жүйесін құру, олардың дербестігі мен тәуелсіздігін қамтамасыз ету туралы» Жоғарғы Кеңес Төралқасының қаулысы қабылданып, бұл Тәуелсіз Қазақстанның қадағалаушы органдары құрылуының тарихи күні болды.

Осылай прокуратура органдарының тарихында мемлекеттік органдар жүйесінде қазіргі прокуратураның рөлін жаңа деңгейге көтерген, оның қызметін жаңа мазмұнмен толықтырған жаңа кезең басталды.

Қазіргі заманғы даму кезеңінде мемлекеттік механизмде прокуратураның қоғамдық және саяси маңыздылығы туралы айтқанда, ең алдымен, прокуратура – мемлекеттік биліктің жоғары органдарымен қатар, өкілеттігі, ерекше мәртебесі және айрықша өкілеттіктері Конституцияда бекітілген жалғыз құқық қорғау органы екенін атап өту қажет.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы кезеңінде еліміз кемелдене түсіп, қарқынды дамуына Атырау қалалық прокуратурасының үлесі де жетерлік.

Өзім қызметте жүрген жердің тарихы сонау 1938 жылғы ақпанның 15-інде бастау алған. Облыстық прокуратура болып құрылған кезінде Қалқан Төрешов Ұлы Отан соғысы басталғанға дейін осы аса жауапты қызметті абыройлы атқарды. Содан кейін отыз жылдай уақытта облыстық прокуратураға Б.Тапалов, К.Бейсенбин, Г.Лұқпанов, А.Нұрғазинов, Т.Назиров тәрізді аға буын өкілдері басшылық етті. Соғыс, халық шаруашылығын қалпына келтіру кезеңдерінде жемісті қызмет істеп, қиыншылықтарды жеңуге, шаруа көшін оңға бұруға көп көмегін тигізіп, ықпал еткен абзал жандар жаңа толқын-жас кадрлар тәрбиелеп, білікті де тәжірибелі заңгерлер лектерін баулыды.    

Бұл - прокуратураның кейін үлкен бедел, абырой биіктерінен көрінуіне себепші болды. Қазіргі таңда прокурорлық ықпал ету шараларымен 100 мыңға жуық азаматтың әлеуметтік құқықтары қорғалды. Бұл тұрғын үй, әлеуметтік жәрдемақы, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау мәселелері.

300 млн теңге алимент берешек өндіріліп, 2 000 жуықбалаға қомақтай көмек болды. Бизнес субъектілері де назардан тыс қалған жоқ. Соңғы 2 жылда прокуратура 17 мыңнан астамкәсіпкердің құқықтарын олардан келіп түскен хабарламаларды қарау, жергілікті жерлерге шығу, сондай-ақ оларға қатысты заңсыз тексерулердің күшін жою арқылы нәтижеге жетті.

Жаңа заңға сәйкес қылмыстық процестің үш буынды моделі қалыптасты. Бұл модель арқылы қылмыс орбитасына түскен азаматтардың дер кезінде құқықтарының қорғалуы қамтамасыз етілді.

Тәуелсіздік жетістіктерін прокуратура органдарының қызметкерлері, яғни біздер  қайсарлықпен қорғауға, осы ізгі миссияға қызмет ету үшін бүкіл тәжірибеміз бен біліктілігімізді саламыз. Прокуратура органдарында қызмет ету әрқашан аса маңызды мемлекеттік және жоғары өнегелік маңызы бар іс деп есептеймін.

 

 

     Атырау қаласының прокуроры

     А.Т. Тайтуллин

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика