Төтенше жағдай талаптарына бағынбаған кәсіпкер 10 тәулікке қамалды

Азық-түлік сауда нысандарының уақыты шектеусіз, барлық сауда нүктелерінде дезинфекциялық режимдер жүргізілуде.

 Жылыой аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы Лиза Садыхованың айтуы бойынша, ауданымыздағы кәсіпкерлік нысандарына COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 22 наурыздағы №26-ПГВр қаулысымен аурудың алдын алу туралы жадынама таратылуда. Ауданда ұйымдастырылған жұмысшы тобы барлығы 549 жадынама таратып, 191 нысан иелері қаулымен таныстырылды.

Аудандағы қоғамдық тамақтану орындары,соның ішінде кафелердің, тойханалар мен мейрамханалардың жұмысы тоқтатылды. Арнайы жүргізілген рейд кезінде ауданда кальян пайдаланатын қоғамдық тамақтану орындары анықталмады.

Ауданымыздағы барлық мектепке дейінгі тәрбие беретін балабақшалардың қызметі толықтай тоқтатылды. Сондай-ақ азық-түлік және дәріхана сауда орындарынан басқа нысандардың жұмыстары тоқтатылды.

Азық-түлік дүкендері мен супермаркеттері және азық-түлік базарларында нан-тоқаш өнімдері,кондитерлік өнімдердің сырты қапталған күйінде сатылуда.

Барлық сауда нүктелерінде дезинфекциялық залалсыздандыру жұмыстары жүйелі жүргізілуде. Көтерме сауда нүктелерінде, қоғамдық тамақтану орындарында, тамақ өнеркәсібі нысандарында, орталық базар мен супермаркеттерде қызметкерлер бірреттік бетпердемен, бірреттік қолданылатын қолғаптармен жұмыс істеуде. дезинфекциялық режимдерді жүргізу шаралары күшейтілуде.

Ауданда COVID-19 коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатындағы жылжымалы көлікпен радио торабы арқылы халыққа ақыл-кеңес хабарлануда.

17 наурыздан бастап Жылыой ауданы әкімдігімен келісімшартқа отырған «ЖылыойДезсервис» ЖШС-нің дезинфекциялау мамандары аудандағы: 80 аялдама, 1 теміржол вокзалында күніне 2 рет дезинфекциялау жұмыстарын жүргізеді. Аудандағы 4 мешітке, аудандық, қалалық әкімдік кеңсесіне, пошта ғимаратына, аурухана мен емханаға, Майкөмген, Ақкиізтоғай, Шоқпартоғай, Жаңа Қаратон, Тұрғызба, Қосшағыл округтерінің орталықтарындағы 5 ауылдық емханаға, 10 балабақшаға («Балауса», «Балдырған», «Еркем-ай», «Әсем-1», «Әсем-2», «Ақбота», «Салидат», «Балапан», «Қызғалдақ», «Құлыншақ») санитарлық залаласыздандыру жұмыстары жүргізілді.

Аудандағы жолаушылар тасымалдайтын автокөліктер, автобекеттер ғимараты өз күштерімен дезинфекциялануда. Теңіз вахталық қалашығында ұйымдасқан қоғамдық тамақтану орындарындағы асханаларында, дайын тамақ үлестіру орындарында, азық-түлік сауда нысандарында COVID-19-дың таралуының профилактикасы және алдын алу бойынша санитарлық-ағарту және түсіндіру жұмыстарын жүргізу жалғасуда. Аталған нысандарда антисептикалық залалсыздандыру құралдары орнатылған, жұмысшыларды тасымалдайтын автокөліктерге дезинфекциялық жұмыстары жүргізілуде.

Жылыой ауданында ұйымдастырылған жұмысшы тобы жүргізген рейд кезінде кәсіпкерлік нысандарында санитарлық залалсыздандыру жұмыстары жүргізілмеген және төтенше жағдай режим талаптарын сақтамаған «Бекжан» асханасына, «Индира» шайханасына, «Мухамед-1» шайханасына, «Акбота» шайханасына, «Болат» шайханасына, «Бейбарыс» шайханасына , «Сим-Сим» шайханасына , «Мажор» компьютерлік клубы иелеріне 476-баптың 6 пунктімен хаттамалар толтырылып, ісі сотқа жіберілді.

Аудандық соттың шешімімен жоғарыда аталған шайхана иелеріне айыппұлдар салынып, компьютерлік клуб иесін 10 тәулікке қамауға шешім қабылданған.

Аудан халқын ауыз сумен қамтамасыз етіп отырған «Магистральдық Суағызғысы» ЖШС, «Жылыой-Тазалық» ЖШС, «Жылыой су» КМК сумен жабдықтау нысандарының жұмысын бақылау күшейтіліп, бұл мекемелерге халыққа берілетін судың сапасына санитариялық - эпидемиологиялық мониторинг жүргізу тапсырылды.

А. Жалғасбайқызы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT