Төтенше жағдай режимін бұзғандар сот арқылы жазасын алды

Жақында аудандық прокуратура арнайы ресми хабарлама таратты.

Онда санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтамаған бір дүкен, кафе, асханалар, клуб пен автобус иелерінің үстінен Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 476-бабының 6 және 3-тармақшасы бойынша қозғалған әкімшілік іс аудандық сотқа жолданған. Олар: Құлсары қаласындағы «Бейбарыс» кафесі, «Сим-Сим», «Индира», «Ақбота», «Болат» асханалары мен шайхана, «Әли» дүкені, компьютерлік клуб, «Нұр-Каспиан Сервис» ЖШС-нің автобус жүргізушісі, барлығы 9 кәсіпкер.

Таяуда аудандық сотта «Смарт сот» жобасы бойынша арнайы сот процесі болып өтті. Оған құқық бұзушылар «TrueConF» мобильді байланыс арқылы қатысты. Олар «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 15 наурыздағы №285 Жарлығының 4-тармақшасына сәйкес міндеттелген санитариялық-эпидемияға қарсы ауқымды іс-шараларды жүзеге асырмай, мемлекеттік орган белгілеген төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін кінәлі деп танылды.

Нәтижесінде кафе мен асхана, қоғамдық көлік, дүкен иелері 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл арқалады. Яғни әрқайсысы 26510 теңге мөлшерінде айып төледі. Ал елге қауіпті індет тарап жатқанда балаларды бір жерге жинап алып, өмірі мен денсаулығын қатерге тіккен компьютерлік клуб иесі 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

-Сондықтан Жылыой ауданының прокуратурасы аудан тұрғындары мен кәсіпкерлерді төтенше жағдай кезінде белгіленген тыйымдар мен шектеулерді қатаң сақтауға шақырады. Керісінше жағдайда жоғарыда айтып өткендей, арнайы жауапкершілік көзделген,-деп ескертеді аудандық прокуратура.

Е.Қошақанов

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика