Тұтқында болған қазақстандықтардың туыстарын іздестіреміз

ҰОС кезінде қаза болған, хабар-ошарсыз кеткен (тұтқында болған) жауынгерлер туралы мәліметтер

Әскери-тарихи музейінде 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған және хабар-ошарсыз кеткен қазақстандық жауынгерлердің есімдері мен жерлеу орындарын белгілеу жұмыстары жүргізілуде, алынған ақпарат жүйелендіріліп, арнайы мәліметтер базасында жинақталады.

Осы жұмыс аясында Қазақстан Республикасындағы Германия елшілігінің қолдауымен концлагерьлерде болған қазақстандық әскери тұтқындардың карталарын іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Бүгінгі күні жүздеген әскери тұтқындар туралы ақпарат енгізілді. Осы мақсатта әскери тұтқындардың төмендегі тізім бойынша туыстарына іздестіру жұмыстары жүргізілуде.

Қандайда мәлімет бойынша Жылыой ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімге хабарласуға болатындығын хабарлаймыз.

Ұлы Отан соғысы кезінде қаза болған және хабар-ошарсыз кеткен (тұтқында болған) қазақстандық жауынгерлер туралы мәліметтер

17042020

 С.Тулеушова,

бөлім бастығының көмекшісі

(мемлекеттік қызмет көрсету және азаматтардың өтініштерімен жұмыс жөніндегі қызметкер)

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521