Тұщы су тапшылығы мәселесі тоғыз жобаны жүзеге асыру арқылы шешілетін болады

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифинг барысында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

– 147 млрд. теңге сомасына тоғыз жобаны іске асыру есебінен тұщы су тапшылығы мәселесі шешілетін болады. Мемлекет басшысының тапсырмасы шеңберінде ауылдық елді мекендерді сумен жабдықтау жөніндегі іс-шараларға сәйкес, Атырау қаласында сүзгі станциялары мен су тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау, топтық және магистральдық су құбырларын, оның ішінде «Астрахан – Маңғышлақ» магистральдық су құбырын салу және реконструкциялау жұмыстары жасалатын болады, - деді өңір басшысы.

Естеріңізге сала кетейік, 18 маусымда Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов «Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» онлайн-брифинг берді.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика