Тәртіпке бағынған құл болмайды

Тәртіп

Жаназаға, құдалыққа, туған күнге, тойға барамыз деп коронавирус (COVID-19) жұқтырып қайтыс болғандар көп болды. Халық осыны әлi де түсiнер емес, карантин бiттi, той жасаймыз, құтты болсын айтуға, көңiл айтуға барамыз, деп жүр.

Жақында күн суытқан соң тұмау, респираторлық вирус инфекциясы (сезон ОРВИ) басталады. Сол кезде жаздағыдан 100-1000 есе қиын болады, егер халық санэпидқызметтiң талаптарын орындамайтын болса!

Әсiресе, гриппен бiрге COVID-19 жұқса одан аман қалу мүмкiн емес!

Халыққа кез келген жиын, той-томалақ COVID-19 жұқтыру қаупiн арттыратынын түсiндiре бiлсек, олардың аман қалуына септiгiмiз тиедi және коронавирус (COVID-19) iндетiнен құтыламыз!

Сондықтан, баршаңызды санэпидқызметтiң коронавирус (COVID-19) iндетiне қарсы талаптарын бұлжытпай орындауға шақырамыз!

Бiрауыздан корнавирус iндетiнен қорғану шараларын орындайық! Күш бiрлiкте!

Естерiңiзде болсын: Коронавирус iндетiнен тезiрек құтылудың басты амалы - бетперде (маска) тағу, ауырған адамның өзiн-өзi оқшаулауы; туған күн, құдалық, жиын, той-томалақ жасамау және ондайға бармау!

Елiмiзде қайғы-қасiрет болмасын! Өздерiңiздi және жақындарыңызды iндеттен сақтаңыздар! Бәрiңiзге қуаныш пен бақытқа толы ұзақ өмiр тiлеймiз! 

Жылыой аудандық Жедел штабы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521