Түркістан облысында жоғалған туристердің үшеуі табылды

Студенттер екі топқа бөлінгенін айтты

Түркістан облысы тауларынан табылған 3 студент құтқарушыларға екі топқа бөлінгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен жеті туристің үшеуі екі топқа бөлінген.

Бұл туралы Қазақстан ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті. Қалған төртеуінің әзірше қайда екені белгісіз.

Бұған дейін 28 мамырда аэровизуал ұшу барысында Қазавиақұтқару тікұшағымен Сайрам-Өгем шатқалында жоғалып кеткен жеті адамның үшеуі табылғаны хабарланған болатын. Олардың жағдайы қанағаттанарлық. Қалған туристерді іздеу жалғасып жатыр.

Еске салайық, кеше, 27 мамырда Назарбаев университетінің баспасөз қызметі Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен жеті саяхатшының алтауы ЖОО студенттері екенін хабарлаған болатын. 21 мамырда университеттің алты студенті және Кентау қаласы лицей-интернатының түлегі Түркістан облысындағы тауларға 4-5 күнге жаяу саяхатқа шығып кеткен.

Tengrinews.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT