Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметкерлерге қарапайым халықпен кері байланыс орнатуды жолға қоюды тапсырды. Оның бірден бір тетігі: әлеуметтік желі, телеграм-каналдар. Міне, осы мақсатта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті «Onay qyzmet» телеграм-каналын іске қосты.
Бұл канал осы сала арқылы қызмет алушылардың құқықтарын, бостандықтары қорғауға және заңды мүдделерін бұзуға жол бермеу мақсатында қолға алынды. Сонымен бірге телеграм-каналдың басты мақсаты – мемлекеттік қызмет алу кезінде туындаған мәселелерді жедел түрде шешуге ықпал ету, әдістемелік көмек көрсету және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына деген пікірлері мен ұсыныстарын ескеру. Аталған телеграм-каналға https://t.me/ OnaiqyzmetAtyrau сілтемесі арқылы қосылуға болады.
Департамент халықтың мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қанағаттану деңгейін анықтау мақсатында онлайн сауалнама жүргізбек. Ол үшін төменде көрсетілген сілтемеге өтіп, мемлекеттік қызмет деңгейін бағалауға мүмкіндік бар. https://m.egov.kz/survey.
Е.БИСЕКЕНҰЛЫ