Тұрағы жоқ тұрғындар

Аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметі бөлімшесінің аға инспекторы, полиция капитаны Махамбет Камаловтың хабарлауынша, бөлімше қызметкерлері жергілікті полиция қызметінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп, «Учаске» және «Резеңке пәтерлер» атты жедел алдын алу іс-шараларын өткізді.

Желтоқсанның 7-сіне дейін созылған іс-шара барысында аудан аймағында құқық бұзушылықты болдырмау, көші-қондылыққа бақылау жасау мақсатында құқық қорғаушылар әрбір пәтер мен жеке үйлерді аралап, тұрғындар туралы ақпарат алды. Осы рейд кезінде ауданда бір мекен-жай бойынша бірнеше азаматты тіркеу деректерінің бар екендігі анықталды.

Тексеріс бір пәтерде тіркелген 31 адамның нақты мекен-жайда тұрмайтынын анықтады. Үй иелерінің өтінішімен олар тіркеуден шығарылды. Ал өз баспанасын өзгеге қағаз жүзінде паналатып, іс жүзінде үйінде тұрмайтын тұрғынды тіркеуге жол бергені және «пропискадан» шығару жөнінде нақты шара қабылдамағаны үшін 9 пәтер қожайыны Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 493-бабының 1,3 бөліктерімен жазаға тартылды.Сонымен бірге «Мекен-жай анықтамасында» көрсетілген мекен-жайында тұрмай, өзге баспанада тіркеусіз жүргені үшін 4 азаматтың үстінен осы кодекстің 492-бабының 1,2-бөліктерімен әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынды.

-Сондықтан аудан халқына айтарымыз: нақты тұрып жатқан және жалға алған пәтерлеріңізге тіркеуге отырыңыздар! Сонымен қатар мекен-жайында шын мәнінде бірге тұрмайтын азаматтарды тұрақты тіркеу алуға жол бермеуге шақырамыз. Егер бір адам бір үйге «пропискаға» отырып, бірақ іс жүзінде өзге пәтерде тұратыны анықталса, онда әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын қаперге береміз. Сол себепті мұндай құқық бұзушылықты болдырмау мақсатында нақты мекен-жайда тұрмайтын азаматтарды тіркеуден шығаруды талап етеміз, - дейді Махамбет Тасболатұлы.

Е.Бисекенұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521