Таяуда редакциямызға Тұрғызба ауылының тұрғыны, сексеннің сеңгірінен асқан Қонақбай Күпенұлы есімді ақсақал келді. Ол - ұзақ жылдан бермен қарай аудандық «Кең Жылой» және өзге де облыстық, республикалық басылымдардың байырғы оқырманы. Өкінішке орай, Жем ауылдық округінің орталығында «Қазпошта» АҚ-ның бөлімшесі жабылып қалып, ақсақал өзінің жыл басынан бергі жаздырып алған газет-журналдарын ала алмай, әуре-сарсаңға түсіп жүргенін айтты Осыған орай, байырғы оқырманымыздың редакцияға жазған арыз-хатын газет бетіне жариялай отырып, оған аудандағы пошта бөлімшесінің басшысы нақты жауабын берер деген сенімдіміз. Кезінде ұжымшарлар біріктіріліп, 6 колхоздан бір «Правда» колхозы құрылып, орталығы Тұрғызба ауылы болды. Председателі Оспанов Құлқайыр болса, кеңес төрағалығына Сәли Шәкірова апай тағайындалды. 1963 жылы 23 ақпанда «Ембі» асыл тұқымды қаракөл қой совхозы болып құрылды. Бұнда жоғарыда аттары аталған ағай, апайлар совхоз басшылары болып тағайындалды. Сол кездері Аққұдық, Қойсары, Қараша елді мекендері фермалар болып төрт түлік мал өсірген еді. Бүгінде сол совхоздың ізіндегі Жем селолық округі - 610 үй, 3523 халқы бар үлкен елді мекен. Округте ауылдық әкімшілік, жалпы орта білім беретін мектеп, емхана, балабақша, спорт кешені, телекоммуникация торабы, тойхана, көлік жөндеу шеберханасы, көлік жуу стансасы, 11 дүкен, 1 монша, 1 тігін шеберханасы, 1 шаштараз және 1 дәріхана халыққа қызмет көрсетуде. Өкінішке орай, орталықта қамтылған 610 үй, 3523 халқы бар үлкен елді мекендегі поштаны жауып тастады. «Қазпошта» басшысы операторды Құлсарыға өз қарамағына алып кетті. Жаңа типпен салынған пошта үйі қаңырап бос тұр. Қазіргі таңда пошта бөлімшесі арқылы зейнетақы, жәрдемақы секілді төлемдер жүргізумен қоса алғанда әртүрлі банктік төлемдер, аударымдар, несиелерді қабылдау, айыппұлдар және басқа да төлемдерді төлеуде ауыл тұрғындары Құлсарыдағы «Казпоштаға» ағылуда. Үлкен қиыншылықтамыз. Сол халықтың бірі менмін. Жасым сексеннің сеңгірінен асып отырған зейнеткермін. Осы айтып, жазып отырған мәселені шешуге, газетке жариялап жазып, почтамыздың жұмысын жандандырып, оператордың бұрынғыша халық үшін жұмыс жасауын өтіне сұраймын. Қонақбай КҮПЕНҰЛЫ, зейнеткер,бұрынғы «Ембі» совхозының бас экономисі
“ТҰРҒЫЗБАДА ПОШТА ЖОҚ ПА?”
- Информация о материале
- Read Time: 1 min
- 447
