Тұрғызбаға мәдениет үйі мен ипподром қажет

Жем ауылдық округ әкімі аппаратының хабарлауынша, 28 маусымда ауылдық округте мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жәрмеңке өткізілді. Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатындағы жәрмеңкеге аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы А.Шағатаева, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің бас маманы А.Сарымбетова, Ветеринария және ветеринариялық бақылау бөлімінің бас маманы З.Сүндетовалар қатысты.

Мамандар мемлекеттік қызметтер саласы бойынша мемлекетік қызметтерді алу тәсілдері жөнінде түсіндірді.

Тұрғын үй мәселесі бойынша Р.Жоламанова, Е.Боранбаев сұрақтар қойды, басқа да қатысушы ауыл тұрғындары келген мамандарға сауалдар қойып, жауаптарын алды.

Осы жиын барысында «Теңізшевройл» ЖШС-ның Жылыой ауданы тұрғындарымен байланыс жөніндегі кеңесшісі Ғ.Малашқызы да тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Ауыл тұрғыны А.Төремұрат ТШО-ның «Игілік» бағдарламасы бойынша Тұрғызба ауылында мәдениет үйі мен ипподром салу үшін қаражат бөлуге ұсыныс жасады.

С.ӘЛИ

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521