Бүгінгі кезектен тыс Президент сайлауы кезінде Жылыой ауданында бірқатар іс-шаралар легі өтуде.
Өз таңдауларын жасауға учаскеге келген тұрғындар мен оларға еріп келген балалар көңіл көтеріп, сергу үшін осындай шағын концерттік шаралар өтуде. Құлсары қаласындағы №16 Д.Жазықбаев атындағы орта білім беретін мектеп ғимаратында нөмірі 101, 258 сайлау учаскелері орналасқан. Аталған сайлау учаскесінде Жылыой аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен “Қасиет” өнер студиясының өнерпаздары патриоттық әндерді орындады.
А.МОЛДАШЕВ