Тұрғындар ұсынысы тыңдалды

Ауданымыздағы «Кең Жылыой» мәдениет үйінде «Ашық есік күні» өтті.

Аудан әкімі Азамат Бекет тұрғындарды қабылдап, олардың ұсыныс-пікірлерін, өтініштерін тыңдап, сұрақтарына жауап берді. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, қала әкімі Ернар Ысмағұл және дербес бөлім басшылары қатысты. Тұрғындардың дені баспана, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту мәселесін қозғады. Айтылған мәселеге қатысты сала басшылары оларға жауап берді.

Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің бас маманы А.Мамбетиязов кәсіпкерлікті дамыту мақсатында берілетін 3 млн теңге көлеміндегі гранттарды 5 млн теңгеге дейін артыру туралы мәселе қаралып жатқаны туралы жағымды жаңалықты жеткізді. Аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Қуатбаев Жем суын тиімді пайдалану бойынша Аралтөбеден су қоймасын салуға ұсыныс берілгенін айтты.

Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы А.Бекенов қаладағы орталық стадион құрылысының жобасы мақұлданып, сараптамадан өткенін айтты. Қабылдауға сонымен қатар «Атырау Жарық», «Жылыойгаз», «Жылыойсу», «Жылыой-тазалық» және «Қазпошта» АҚ-ның ауданымыздағы бөлімінің өкілдері қатысып, тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Қ.Нұртайұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521