Тұрғындар ұсынысы ескерусіз қалмайды

Шұғыл штаб жұмысын бастағалы жұршылықтан біраз ұсыныс түскен

⠀ Атырау облысында коронавируспен күрес жөніндегі Шұғыл штаб жұмысы басталған 3 тәулік ішінде көптеген сұрақ пен ұсыныс түскен, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі.

⠀ Бұл туралы Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің қатысуымен ӨКҚ-де өткен онлайн брифингте белгілі болды. ⠀

-Келіп түскен сауалдарға облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің соңғы қаулысы негізінде жауаптар берілді. Сондай-ақ, тұрғындар тарапынан айтылған ұсыныстар негізінде, қаулыға тиісті өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде дәріханалардың жұмыс кестесі алғашқы күндері сағат 18.00-ге дейін болса, қазір сағат 22.00-ге дейін ұзартылды. Ал, букмекерлік кеңселер мен кальян барлардың жұмыстарына тыйым салынып, тұрғын үй маңында орналасқан шағын азық-түлік дүкендеріне жұмыс жасауға рұқсат етілді, - деді облыс әкімі.

Атырау облыстық коммуникациялар қызметі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521