Тұрғындар мешітті кәріз жүйесіне қосып берді

Бұған дейін орталық мешіт орталық кәріз жүйесіне қосылмаған болатын.

Аудандық «Жылыой мұсылмандары» орталық мешітінде бұған дейін ешқандай кәріз болмаған. Соңғы жылдары аудандағы кәсіпкерлердің ықпалымен мешіт кеңейтіліп, онда біраз өзгеріс болды. Соған орай құлшылық етуге келетін жамағаттың қатары да көбейе түсті. Әрине, бұл орталық кәріз жүйесіне қосылмаған мешітке қаржы жағынан салмақ салып келген еді. Енді, міне, күні кеше осы мәселенің де түйіні шешілді.

–Бұл көптен ойымызда жүрген жұмыс еді. 2016 жылы мешіттің құрылысы қайта жүргізілген кезде септік қойған болатынбыз. 3 жыл болды, содан бері ай сайын вакуум көлігін жалдап, лас суды тазартып тұратынбыз. Ал оған ақша көп жұмсалатын. Сондықтан мен жамағатқа осы жағдайды айтқан едім. Олар да бірауыздан қолдай кетті. Кәсіпкер Сәлімжан Балжігітіов материалдық жағынан көмектессе, «Айтумыс» мекемесі техникасын берді. Барлығына ризашылығымды білдіремін,-дейді мешіттің бас имамы Арман Исаев.

П.ҚИЗАТОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521