Тұрғындар көтерген мәселе халық қалаулысының қадағалауында болады

Өткен аптада кәсіпкерлер үйінде облыстық мәслихат депутаты Айтпай Сисенов тұрғындармен кездесу өткізді.

Кездесуде «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірініш орынбасары Сайлаубай Таласов ашып, мақсатымен таныстырды. Депутат тұрғындарға ауданымыздағы атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын әңгімелеп өтті.

Атап айтсақ, Жем өзенін реттеу, Құрсай өзегін қазу және абаттандыру жұмыстарына тоқталды. Қала тұрғыны Гүлжан Станова Елбасы Жолдауында мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын өсіру туралы айтылғанын, осы орайда мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінің қызметкерлерінің де жалақысын көтеру мәселесін айтты. Тұрғындардың бірі №9 автобус сенбі, жексенбі күндері жүрмейтінін айтты. Жұмыс күндері сағат 18:15-ке дейін ғана жүретінін жеткізді. Сонымен қатар, тұрғындар қалаішілік жол құрылысы мен көше жарықтарын жүргізу жұмыстарына байланысты сауалдарын қойды. Халық қалаулысы тұрғындар көтерген мәселелерді түртіп алып, тиісті бөлім басшыларынан жауабын алып беруге уәде берді.

Кездесу кезінде депутат Елбасының Жолдауында айтылған тапсырмаларға тоқталып, табысты болу үшін кәсіпті қолға алып, ерінбей еңбек етуге шақырды.

Қ.Дүйсенбетов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521