Тұрғын үйлер құрылысын тексерді

Биыл Құлсары қаласындағы «Атырау» ықшамауданында 5 қабатты 100 пәтерлік 3 үйдің құрылысы басталғаны белгілі. Жақында "Nur Otan" партиясының аудандық филиалы жанындағы бақылау комиссиясы құрылыс басында болып, атқарылып жатқан жұмыс барысымен танысты.

 Құрылыс алаңының бір бөлігіне бетон зауыты орналастырылған. Бетон араластырғыш көліктер бар. Мамандардың айтуынша, қазіргі кезде жүзге жуық адам жұмыс жасап жатыр екен. Оның 18-і жергілікті тұрғын екен. Құрылысқа қажетті материалдар еліміздегі отандық өндіруші компаниялардан, зауыттардан алынуда. Атап айтсақ қиыршық тастар Ақтөбе облысынан, ал цемент Маңғыстау облысындағы Шетпе поселкесіндегі цемент зауытынан жеткізілуде. Жалпы бұл жердегі құрылысқа алдағы уақытта барлығы 300-ге жуық адам жұмысқа тартылмақ. Құрылыс жұмыстарын 2020 жылдың шілде айында аяқтау жоспарлануда. Жұмыс барысымен танысқаннан кейін комиссия мүшелері аталған мекемеге аудандағы жұмыссыздық мәселесін жоюға атсалысып, жергілікті тұрғындарды көбірек жұмысқа тартуға, техникалық қауіпсіздікке жауапты мамандарды көбейтуге ұсыныс берді.

Қ.ДҮЙСЕНБЕТОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT