Сыр сұхбат Илья Жақановтың 85 жылдығына арналды

Ақынын ардақтау, абызын құрметтеу, әншісін үкілеу - біздің ата салтымызда бұрыннан қалыптасқан қағида.

Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның «Парасат», Қырғызстанның «Дәнекер» орденінің иегері, көрнекті композитор, жазушы, музыка танушы, суретші Илья Жақановтың 85 жылдығына сәйкес «Жайлаукөл кештері» атты әндер және сыр сұхбат кеші өтті.

Қазақ өнерінің жанашыры, Қазақстан және Қырғызстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның «Парасат», Қырғызстанның «Дәнекер» ордендерінің иегері.

Кеш тізгінін Жылыой ауданының Құрметті азаматы, ҚР Журналисттер одағының мүшесі, ақын Базарбаев Бүркіт Сембайұлы жүргізді.

Жылыой ауданының әкімі Х.Жамалов өз кезегінде:

Ақынын ардақтау, абызын құрметтеу, әншісін үкілеу - біздің ата салтымызда бұрыннан қалыптасқан қағида. ​

«Қазақ музыкасы мен әдебиеті ұлттық руханияттың қос қанаты» десек, екеуінің арасына алтын көпір орнатып, бірінің сырын екіншісі арқылы ашып берген белгілі композитор, жазушы, өнер зерттеушісі ретінде есіміңіз дара аталады. Сізді сөз өнері мен саз өнері, сурет өнерінен де қонған қасиетті қатар ұстап, қылқаламын жанына серік еткен біртуар тұлға ретінде қазақ жұртшылығы жақсы біледі. Өзіңіздей көпті көрген ардагер, републикамызға белгілі, көрнекті композитор ағамыздың ортамызда болып, әуезді әндерін, өткен мен бүгінгі өмір тағылымдарын сабақтастырып, ағалық ақылыңызды айтып отыруыңыз - біздер үшін үлкен мақтаныш.​​

​Сіздің халық әнінің тылсым сырын құлағына құйып, жүрегіне сіңіріп өскен, өлмес туындыларды өмірге әкелгеніңіз ақиқат. «Еділ мен Жайық», «Ақтамақ», «Жайлаукөл кештері», «Әселім-әнім» сынды сырлы әндерімен қазақтың кең даласын тербеткен, Атыраудан Алтайға дейінгі атырапты түгел аралап, ұлттық музыка жауһарларын түгендеген композитор, ұлттың, ұлттық өнердің болашағын ойлаған тұлғасыз. ​

Күллі қазақ даласын, соның ішінде қазақтар мекендеген шетелдерді аралап, қазақтың музыкалық мұраларына қатысты деректерді жинап, қазақ өнерінің белгілі қайраткерлерінің өмірін зерттеу негізінде «Екі жирен», «Бірінші концерт», «Махаббат вальсі», «Аққулар қонған айдын көл» атты деректі дүниелеріңіздің өзі тағылымы мол туындылар екені сөзсіз.

​Құрметті, қазақтың сегіз қырлы, бір сырлы талантты ұлы, абыз ақсақалы Илья Жақанұлы!

​Сізді 85 жасқа толған мерейтойыңызбен құттықтаймын! ​Осы мерейлі сәтте деніңізге саулық, отбасыңызға амандық тілей отырып, қаламыңыз қарымды, алдағы күндеріңіз жақсылықтарға толы болсын деген тілегін білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521