Сын шақтағы қайырымдылық

Көпбалалы 680 отбасыға демеушілердің күшімен тегін азық-түлік таратылды.

Пандемиядан сақтанудың бірден бір жолы - үйде болу. Осы орайда ауданымыздағы жалғызбасты қарттар мен мүгедектер ыстық тамақпен қамтамасыз етілуде. Аудан әкімдігінің ұйымдастырумен сәуірдің 30-ына дейін 59 жалғызбасты қарт пен мүгедектер үйіне ыстық тамақ жеткізіледі.

Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және АХАТ бөлімінің ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы 680 отбасыға демеушілердің күшімен тегін азық-түлік таратылды.

Қайырымды жандардың арқасында 50 жанұяға да дәл осындай көмек көрсетіліп, мешіттің ұйымдастыруымен 50 жанұяға 10000 теңге сертификат табыс етілді.

Е.Қошақанов

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521